Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында №38 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталушы мектеп бітірді, деп хабарлайды Қостанай облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Орта білім туралы аттестат алған ер адамның жасы 57-де. Ол өмірінде тұңғыш рет мектеп бітірді. Оқу барысында ол үнемі сабақтан қалмай, үй тапсырмаларын мұқият орындайтын болған.
“Оқуға ешқашан кеш емес. 57 жасымда мен білім тек жұмыс үшін ғана емес, өзім үшін де қажет екенін түсіндім. Мен бұл жерден басқа адам болып шыққым келеді”, - дейді сотталушы.
Ер адам балалық шағында білім ала алмаған. Өйткені ол бұғанасы қатпай жатып жұмыс істеп, отбасын асыраған. Тек орта жасқа таяғанда ғана мектеп партасына отыруға және сертификат алуға шешім қабылдаған.
Юрий Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Қазір жазасын өтеп жүр.