Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында 461 млн текше метр бос сыйымдылық бар, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
"Қазсушар" филиалы Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларында бос сыйымдылық дайындау жұмыстарын жүргізді. Бұл су қоймалары көктемгі су тасқыны кезінде толығады.
"Қазіргі таңда су қоймаларындағы жалпы бос сыйымдылық 461 млн текше метрді құрайды. Бұл жобалық көлемнің 33 пайызына тең. Ал болжанып отырған су көлемі 459 млн текше метрге дейін жетуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, Жоғарғы Тобыл су қоймасы 70%-ға, ал Қаратомар су қоймасы 63%-ға толған.
Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу және гидротехникалық нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, іс-қимыл жоспары бекітілді. Қостанай филиалы нысандарында кіреберіс жолдар мен аумақтарды қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
Осы мақсатта қажетті инертті материалдар мен жанар-жағармай қоры дайындалды. Су тасқыны кезеңіне 36 техника әзірленді., дейді минситрлікте.