Қостанай облысында тұрғын алаяқтың нұсқауымен 3 млн теңге несие рәсімдей жаздады

10.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алдын ала мәлімет бойынша 46 жастағы ер адамға өзін пошта қызметкері ретінде таныстырған белгісіз азамат хабарласып, сәлемдемені алу үшін SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұраған. Кейін оған өзін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар қоңырау шалып, жеке деректері қылмыскерлердің қолына түскенін айтып сендірген. Олар ер адамды алаяқтарды ұстауға бағытталған «арнайы операцияға» қатысуға көндіріп, 3 миллион теңге несие рәсімдеуді тапсырған.

Қостанайда зейнеткер 2,5 млн теңгесін алаяқтарға аудармақ болған

Алаяқтардың айтқанымен ер адам жұмыстан сұранып, Қостанай қаласына келген. Алайда оның жұбайы жағдайдың күмәнді екенін байқап, бұл туралы учаскелік полиция инспекторына хабарлаған. Ақпарат дереу Қостанай қаласының полиция қызметкерлеріне жеткізіліп, олар ер адамды банкке кірер алдында тоқтатып үлгерген.

«Түсіндіру жұмыстарынан кейін азамат бұған дейін өзіне түрлі ұйымдардың атынан хабарласқан адамдардың телефон алаяқтары екеніне көз жеткізді. Соның нәтижесінде оның ақшасы сақталып, 3 миллион теңге көлеміндегі несие рәсімделмеді», деді облыстық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Олжас Мағыпаров.

Батыс Қазақстанда 7 студент алаяқтарға көмектескені үшін сотталды

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью