Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Polisia.kz-тің мәліметінше, зардап шеккен II топтағы мүгедектігі бар азаматқа учаскелік полиция инспекторы Дархан Турғанов дер кезінде көмек көрсетіп, оны ажалдан арашалап қалған. Ер адам шұғыл түрде Арқалық өңірлік ауруханасына жеткізілді.
Ауыл тұрғынының айтуынша, оқиға кезінде полицейдің жеделдігі мен кәсібилігі шешуші рөл атқарған.
Айта кетейік, Дархан Турғанов – ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген антына адал сақшылардың бірі. Оның батылдығы мен кәсібилігі бұған дейін де жоғары бағаланған. Атап айтқанда, 2024 жылы боран кезінде азаматтарды құтқарып қалғаны үшін Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Бұған дейін Сәтбаевта өрттен ер адам мен төрт бала құтқарылғанын хабарлаған едік.