Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Қостанай облысындағы Жайылма ауылы маңында, Қостанай – Қарабұтақ автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
© Photo : Қостанай облыстық полиция департаментіҚостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмып, тағы бес адам жарақат алды
Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмып, тағы бес адам жарақат алды
© Photo : Қостанай облыстық полиция департаменті
Chevrolet Cobalt және Jetour X70 көліктерінің соқтығысуы салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды.
"Қалған бес адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.