Қостанай облысында жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды

06.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жол-көлік апатын азайту және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған «Қауіпті жүргізуші»  іс-шарасы аясында полиция мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бойында 42 патруль кезекшілік етеді. Одан тыс 1 аумақтық бақылау бекеті жұмыс істеп тұр. Полиция тек жол ережесін бұзушыларды ғана тіркеп қоймай, жаяу жүргіншілермен де профилактикалық әңгіме өткізіп, жолда
қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Іс-шараның алғашқы үш күнінде мас күйде көлік жүргізген 12 адам, жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды. Оның 11-і – көлік жүргізу құқығынан айырылғандар. Сондай-ақ, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен 7 жүргізуші анықталды», дейді облыстық ПД-ның баспасөз орталығы.

«Қауіпті жүргізуші» операциясы апта соңына дейін жалғасады.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью