Қостанай облысындағы адам өлімі: кәмелетке толмаған екі жасөспірім күдікті деп танылды

23.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мәліметке сәйкес, Рудный қаласында болған адам өлтіру дерегіне 2008 жылы және 2009 жылы туған екі жасөспірімнің қатысы болуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала дерек бойынша, 2006 жылы туған жас жігіт қаза тапқан.

Қостанай облысы Полиция департаменті адам өлтіру фактісін растады және қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кәмелетке толмаған күдіктілерге іздеу жарияланған.

«Күдікті тұлғалар анықталды. Қазақстан бойынша барлық полиция бөлімшелеріне бағдар берілді, оларды ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді өңірлік полиция.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью