Қостанай облысындағы ауыл қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді

04.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қостанай облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа су құбыры желілерін пайдалануға берудің арқасында Шили ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға тұрақты қол жеткізді.

Су құбырының жалпы ұзындығы 4,3 км құрайды және Шили ауылының 197 тұрғынын таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2025 жылы Қостанай облысында қайтарылған активтерді қаржыландыру есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында 16 әлеуметтік жоба іске асырылды, ағымдағы жылы тағы 9 денсаулық сақтау және білім беру нысандарын іске асыру жоспарланған.

- Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылатын жобалардың іске асырылу барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында, - делінген хабарламада.

Осыған дейін СҚО-да қайтарылған активтер есебінен бес әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатқаны туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью