Қостанай облысының орман шаруашылықтары жаңа техника алды

30.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қажетті құралдармен жабдықталған шағын өрт сөндіру кешендері, тракторлар, жеңіл патрульдік автокөліктер жалпы саны 79 техника, орманшыларға табыс етілді.

Қостанай облысында 11 орман шаруашылығы бар. Олардың міндеті - жасыл желекті қорғап, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол табиғат күзетінде жүргендерді әлеуметтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жылдан жылға жақсарып келеді.

Ерлан Әбенов, Пригородный орман шаруашылығының басшысы:

- Бүгінгі таңда біздің орман шаруашылығында техникалық жабдықталу өте жақсы. Өрт сөндіру машиналары толықтай жеткілікті. Осы екі жылдың көлемінде орман шараушылығы қызметкерлеріне 100 пайыз еңбекақыларын көтерді. Осы мынау кейінгі бір жылда өрт сөндіру машиналарының жүргізушілеріне әрі өрт сөндірушілерге де 100 пайыз көтерді. 

Енді міне орман шараушылықтарының автопаркі тағы жаңа техникалармен толықты. Соның ішінде әсіресе барынша жабдықталған шағын өрт сөндіру кешендерінің маңызы зор.

Виктор Мұхаметжанов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Орман шаруашылықтарына осындай 36 шағын өрт сөндіру кешендері беріліп отыр. Оның тиімділігі неде? Өрт ошақтарына тез жетеді. Тілсіз жаудың өршіп кетуіне жол бермейді. Үлкен қысымды су шашқышы, күрек-саймандары, қауіпсіздік жабдықтары, бәрі бар. Алып техникаға қарағанда орман ішінде мобильді, тез қозғалады. 

Техника кілттерін салтанатты жағдайда табыс еткен облыс әкімі орман шаруашылықтарына биыл тағы қосымша техника берілетінін айтты.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Соңғы үш жылда шамамен 8 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді. Нәтижесінде 26 жаңа өрт сөндіретін машина сатып алынды. 86 трактор. 78 жеңіл машина, 39 шағын өрт сөндіретін комплекстер сатып алынды. Биыл тағы да оған қоса 25 өрт сөндіретін машиналар мен 9 трактор алынатын болады. 

Соңғы үш жылда орманшылардың қатары 1,5 есе, еңбекақылары екі есе өсті. Міне осындай көмек-қолдаудың арқасында өңірде орман өрті біршама қысқарды, дейді мамандар. 

Мағауия Қалиев, Ермек Мұхзамедияров

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью