Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Осындай оқиға болғанын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері растады.
-2025 жылдың маусымында департамент тарапынан жеке клиникаға тәуелсіз сарапшылар комиссиясын жіберу жөнінде хат жолданған. Ондағы мақсат – пациенттің денсаулығына зиян келтіру жағдайы болған-болмағанын анықтау еді,-деп хабарлады жолданған сауалға.
Клиника өкілдері алда осындай комиссия өтетінін растады. Сараптама қорытындысы бойынша жасалған тұжырым шағым иесі мен департаментке жолданады.
Бұған дейін хабарланғандай, комаға түскен қыз — 2025 жылдың сәуір айында мұрын пердесін түзету операциясын жасаған Қостанай қаласының тұрғыны. Сол уақыттан бері науқас ес-түссіз жатыр.
«Тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 30-бабына сәйкес, пациенттің туыстары Астана қаласы бойынша комитет департаментіне жүгінуге құқылы. Мұндай өтініш негізінде медициналық ұйымға жоспардан тыс тексеріс жүргізілуі мүмкін», — делінген ресми түсініктемеде.
Бұған дейін Қостанай облысында операция кезінде науқас қайтыс болғаны туралы жаздық.