Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері ғимарат шатырының ашық жануын сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, өрт Орджоникидзе көшесіндегі ТҚС-ның бір қабатты жеке тұрған ғимаратында болған.
Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар ашық жануды жою бойынша шаралар қабылдады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.