Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес көлікте барлығы 66 адам болған, оның 2-і бала. Олар Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына қарай жол жүріп бара жатқан.
— Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жұмылдырылып, 25 адамды, оның ішінде 1 жүкті әйел мен 2 баланы Федоров ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді. Сонымен қатар, жол қызметі бұзылған автобус пен оның ішіндегі адамдарды Федоров ауылына дейін сүйреп жеткізді, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Павлодарда жолда тұрып қалған автобустан 36 шетелдік құтқарылғанын жазғанбыз.