Қостанайда дәрігерді қорқытқан зейнеткерге айыппұл салынды

21.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қостанайда медицина қызметкерін балағаттап, оған күш қолданамын деп қорқытқан зейнеткерге айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық сот.

Зейнеткерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Оқиға биыл 16 шілдеде "Биос" мекемесінің ғимаратында болған.

"Медицина қызметкеріне қасақана құрметсіздік көрсетіп, оны балағаттаған және дене күшін қолданамын деп қорқытқан", – деп мәлімдеді сот.

Сот мәліметінше, айыпталушының жасы 70-тен асқан. Ол бұрын әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Осы мән-жайлар ескеріліп, сот оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады. Заң талаптарына сәйкес айыппұл сомасы 30%-ға қысқартылып, 90 825 теңге көлемінде өндірілетін болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью