Қостанайда екі жігіт газдан уланып қалды

11.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қостанай қаласында екі жас жігіт гараждың екі метр тереңдіктегі жертөлесіне түсіп, есінен танып қалған – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, үшінші адам, 2001 жылы туған жігіт, дер кезінде сыртқа шығып үлгеріп, «112» қызметіне хабар берген.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары арнайы тыныс алу жабдықтарын пайдаланып, жертөлеге түскен. 2002 және 2003 жылы туған екі зардап шегуші жоғарыға шығарылып, медициналық қызметкерлерге тапсырылды.

Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, екеуін ауруханаға жеткізді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью