Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қостанайда ер адам 37 жастағы әйелін атып өлтірді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Күдікті – марқұмның бұрынғы жұбайы.
Ол өз еркімен полицияға келіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақаты салдарынан қайтыс болған. Күдіктіге тиесілі тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.