Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
-Қостанай облысының прокуратура органдары қызметкерлердің конституциялық құқықтарын қорғауға және еңбек заңнамасының сақталуына ерекше көңіл бөледі,-делінген хабарламада.
Жангелдин ауданы прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында аудандық білім бөлімінің қызметінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52 бабының талаптарына және білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарына сәйкес зейнет жасына жеткен қызметкерлерге бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде өтемақы төлеу көзделгені анықталды.
Алайда, аудандық білім бөлімі аталған нормаларды елемеген, соның салдарынан ауданның 14 жалпы білім беретін мектебінде зейнет жасына жеткен қызметкерлерге тиесілі 5 млн теңгеден астам сомаға өтемақы төленбеген.
- Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, білім беру саласының 34 қызметкеріне тиесілі төлемдер толық көлемде төленді. Жол берілген бұзушылықтар үшін 9 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа, 3 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Қызметкерлердің құқықтарын қорғау және қызметкерлер алдындағы барлық әлеуметтік кепілдіктердің уақтылы орындалуы бөлігінде еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету облыс прокуратурасының органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Алматыда прокуратураның ықпалымен 44,5 мың тонна прекурсорға берілген лицензия қайтарылды.