Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Тергеу амалдарына сай, күдікті 2022–2024 жылдар аралығында тиісті рұқсат құжаттарын алмай-ақ «Семья» тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысына қатысу сылтауымен жеке тұлғалардың қаражатын тартуды ұйымдастырған.
Азаматтармен пәтерлер мен коммерциялық нысандарды алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Жобаның заңды көрінісін қалыптастыру үшін әлеуметтік желілерде жарнама жүргізіліп, Қостанай қаласында кеңсе жалға алынған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде «Семья» тұрғын үй кешенінің үшінші кезегінің құрылысына 28 жеке және 1 заңды тұлғадан жалпы сомасы 162 млн теңгеден астам қаражат тартылған.
Алайда күдікті бұл қаражатты нысанды белгіленген мерзімде аяқтамай, өз қалауы бойынша жұмсаған. Қазіргі уақытта тұрғын үй кешенінің үшінші кезегінің құрылысы аяқталмаған.
Сот санкциясымен күдіктінің мүлкіне, оның ішінде Hyundai Santa Fe автокөлігіне, үш бөлмелі пәтеріне және жертөле коммерциялық үй-жайларына тыйым салынды.
Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетелік Атырауда 150-ден астам үлескер баспанасына қол жеткізе алмай жүргені туралы жазған едік.