Қостанайда құтқарушылар өрт кезінде 3 адамды құтқарды

28.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін таңертен Қостанай қаласындағы Толстой көшесінде төрт қабатты тұрғын үйде өрт болды. Өрт төртінші қабаттағы пәтердің асүйіне шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына қысқа мерзімде өрт сөндіру жасақтары, апаттар медицинасы орталығының және жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді.

Құтқарушылар көрші пәтерден баспалдақ маршымен 3 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт тез арада сөндірілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью