Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: kolesa.kz
Li Auto компаниясының халықаралық бизнес жөніндегі басқарушы директоры Нестор Вудың айтуынша, кәсіпорын үшін Қазақстан Қытайдан тыс алғашқы өндіріс алаңына айналып отыр.
«Біз алғашқы шетелдік серіктесті таңдауға ерекше мән бердік. Біз үшін Қазақстан – Li Auto автокөліктері шығарылатын алғашқы шетелдік мемлекет. Ал Allur – сериялық өндіріс жүргізуге сенім артылған алғашқы серіктесіміз», деді ол.
Жоба аясында алғашқы кезеңде Li L6, Li L8 және Li L9 гибридті модельдері құрастырылады. Ал жыл соңына қарай Қазақстан нарығына бейімделген 2026 жылғы жаңартылған үлгілердің өндірісі басталады.
Сонымен қатар Li Auto отандық инженерлерді даярлауға атсалысады. Компания жасанды интеллектке негізделген автокөлік мамандарының біліктілігін арттыруға қолдау көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент депутаттары машина жасау саласына қатысты заң жобасына түзетулерді қабылдаған болатын. Құжатта арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру тетіктері қарастырылған.