Қостанайда туған рэпер Миша Маваши 41 жасында қайтыс болды

26.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қостанайда дүниеге келген рэпер Миша Маваши (шын есімі – Михаил Ниц) 25 қазанда 41 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengri Life "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап.

Ресейлік телеграм-арналар таратқан нұсқалардың біріне сәйкес, музыкант үйінде қару тазалап жатқанда абайсызда оқ тиіп, жарақат алған болуы мүмкін. Оқ артистің басының жоғарғы сол жақ бөлігіне тиген. Ол ауруханаға жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанымен, өнер иесін аман алып қалу мүмкін болмады. Арна мәліметінше, өлімге ми ісінуі мен қатты қан жоғалту себеп болған.

Тағы бір болжам бойынша, Миша Маваши өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Өлім жағдайларына қатысты әзірге ресми растау жоқ.

Миша Маваши 1985 жылы 29 қаңтарда Қостанайда дүниеге келген. Музыкалық мансабын 2000-жылдардың соңында "Только правда" атты дебют альбомын шығарудан бастады. Оған "То, что видел", "Зерно" және "Изнанка" күйтабақтары кең танымалдық әкелді.

Сол кездері Маваши салауатты өмір салтын ұстанатын интернет-қауымдастықтың басты музыкалық символдарының біріне айналды. Оның спорт, ішімдік пен есірткіден бас тарту, тәртіп пен физикалық күш туралы әндері тақырыптық пабликтерде белсенді таралып, көптеген мотивациялық видеороликтерге арқау болды.

2022 жылы музыкант "Северный человек" қоғамдық қозғалысын құрды. Қайғылы оқиғадан небәрі 10 күн бұрын музыкант үйлену тойын өткізген еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью