Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қостанайда бір күн ішінде полицияның қызметтік көліктері апатқа ұшыраған екі жағдай болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайда бір күн ішінде полицияның қызметтік көліктері апатқа ұшыраған екі жағдай болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала орталығында айдауыл көлігі мен Chevrolet Cobalt таксиі соқтығысты. Алдын ала ақпарат бойынша, Баймағамбетов көшесімен жарқылдауық маяктарын қосып келе жатқан айдауыл қызметінің Jac маркалы қызметтік көлігі қиылысқа шығып, Гоголь көшесімен бағдаршамның рұқсат беретін түсіне өтіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған.
"Баймағамбетов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған және екі адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полиция айдауыл қызметінің мамандары тергеу қамауындағы бес адамды сот процесіне апара жатқанын мәлімдеді. Жол апаты салдарынан полицияның екі қызметкері зардап шекті, олар тексерілу үшін ауруханаға жеткізілді. Такси жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Фото Tengrinews.kz
Оқиға орнында төрт жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Қалалық аурухананың травматологиялық пунктіне бес адам жеткізілді.
Айта кетейік, бүгін Қостанайда полицейлер тағы бір жол апатына ұшыраған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алдын ала мәліметтер бойынша, патрульдік көліктің жүргізушісі бағдаршамның рұқсат беретін түсіне бұрылыс жасау кезінде қарсы бағытта тура келе жатқан жеңіл көлікке жол бермеген, соның салдарынан соқтығысу болды.