Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Ашық дереккөз
2 шілдеде «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында банк қызметкерлері Қостанай қаласы полиция басқармасына ірі көлемдегі ақшаны шетелдік шотқа аудармақ болған клиент туралы хабарлаған. Оқиға орнына киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері барып, әйелдің алаяқтардың нұсқауымен әрекет етіп жатқанын анықтады.
Алаяқтардың айтуымен ол депозитінен 2,5 млн теңгені шешіп алып, оны долларға айырбастаған және ақшаны Түркиядағы банк шотына аудармақ болған. Қаскөйлер оған WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін бұрынғы басшысы ретінде таныстырып, алдап, ақшаны аударуға көндірген.
Айта кетейік, елімізде интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды. Сондай-ақ Ұлттық банкпен бірлескен жұмыстардың арқасында заңсыз шығарылмақ болған тағы 2,6 миллиард теңгенің жолы кесілген.