Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Былтыр Қостанайдағы «АгромашХолдинг KZ» зауыты мен «John Deere» компаниясы құны 2,5 млрд долларға бағаланған стратегиялық серіктестік туралы келісімге келген. Шарт бойынша Қостанайда 5 жыл ішінде кем дегенде 3 мың «John Deere» құрастырылып, ел көлемінде 3 сервис орталығы ашылады. Сондай-ақ мамандарды оқыту жүйесі қолға алынады.
Егін жинауда «John Deere» комбайнына тең келер техника аз. Былтырдың өзінде Қостанайдағы Локализация зауытында 300-ден астам «John Deere» құрастырылды. Күзгі науқанға таптырмайтын қуатты техниканың Қостанайда шыға бастағаны шаруаларды да қуантып отыр.
Аталған келісімшарт аясында «АгромашХолдинг KZ» компаниясының инженерлері мен жас мамандары АҚШ-қа барып, өндірістік тағылымдамадан өтіп келді. Сапар барысында мамандар «John Deere» компаниясына қарасты бірнеше зауытта болып, химиялық дәрі шашатын техника, трактор, комбайн жасау өндірісімен танысқан.
«Отыз жылға жуық өндіріс саласында еңбек етемін. Шетелге бірінші рет шығып тұрмын. Ол жақтағы өндіріс орындарын аралап, ширек ғасырдан кейін өзімді қайтадан студент ретінде сезіндім. Бойымда жұмысыма деген жаңаша құлшыныс пайда болды. Америка қатты таңғалдырды. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласы ерекше дамыған. Өңделмеген бірде-бір жер жоқ, барлық жерде тәртіп бар. Ал зауыттар толық цифрландырылған, автоматтандырылған жүйеде жұмыс істеп тұр», дейді инженер Қайрат Кәрібаев.
«Agromash» зауытының өндірістік директоры Бахтияр Балғожин «John Deere» кәсіпорындарындағы технология қуаты мен инженерлік мәдениет жөнінде айтып берді.
«Зауыт жұмысшылары өз елі мен жұмысы туралы мақтанышпен айтады екен. Ол жақта өндірісте аға буын мамандары көп, ал жастар жағы аздау. Әсіресе дайындау учаскелері ғажап, барлық үдеріс толық автоматтандырылған. Әйгілі компанияға қарасты кәсіпорындармен жан-жақты танысып, өндіріс барысын меңгеріп қайттық. Мұндай тәжірибені құжаттан немесе бейнежазбадан алу мүмкін емес. Енді өзіміз көріп-біліп, үйреніп келген жаңа тәсілдерді өндіріске енгізуді көздеп отырмыз», деді Б.Балғожин.
Компания басшысының айтуынша, заманауи өндірістің негізгі қозғаушы күші – инженер мамандар. Сондықтан тағылымдама аясында алынған білім мен тәжірибе өндіріс үдерісінің мазмұнын жаңартады, ал жеке мамандардың белсенділігі жалпы өндіріс жүйесінің дамуына ықпал етеді.
«Біз өнеркәсіпті сөзбен емес, нақты құзыреттер арқылы дамытамыз. Бүгінге дейін 530-дан астам техника шығардық. «John Deere» зауыттарындағы оқу-тәжірибе бізге аса маңызды. Ол жақта оқып келген мамандар өз тәжірибесін бөлісіп жатыр. Зауытта келешегінен зор үміт күттіретін жас инженерлер көп. Тарихты жастар жасайды. Сондықтан әлем біздің инженерлерді танысын, ал біз әлемді таниық деген қағиданы ұстанып келеміз», дейді «Agromash» зауытының президенті Динара Шүкіжанова.
«Agromash» ұжымымен бірге тағылымдамадан өтіп келген «Eurasia Group AG» компаниясының бас операциялық директоры Сергей Глок Қостанай инженерлерінің АҚШ-қа сапарын отандық машина жасау саласына салынған стратегиялық инвестиция ретінде бағалады.
«Машина жасау саласы тәжірибе жинақтау арқылы ғана дамымайды. Саланың жеткілікті түрде дамуына цифрлық технологиялар, жүйелі білім трансфері, жасанды интеллект негізінде қабылданатын тиімді шешімдер қажет. Алдағы уақытта техника, ақпарат және агрономия деп аталатын маңызды үш саланың синергиясы отандық агробизнесті ілгері дамытатын негізгі факторға айналады. Икемді, дәл әрі тиімді бұл үш құрал машина жасаудың жаңа моделін қалыптастырады. Бізге технологияларды енгізу емес, оларды жергілікті жағдайға бейімдей отырып дамыту маңызды. Сапар барысында біздің инженерлер «John Deere» өндірісіне тереңірек бойлап, сол жақтағы мамандармен еліміздің табиғи-климаттық жағдайына барынша сәйкес келетін техника жасап шығару жөнінде кеңесті», деді ол.
Бүгінде қос тарап Қостанайдағы өндіріс көлемін 3000 техникаға дейін ұлғайту, қосалқы бөлшектерді шығару, оны жеткізу мәселесін реттеуді көздеп отыр. Сондай-ақ технологиялық инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, өндірістің жергілікті үлесін еселеу жоспарда бар.
Мұның сыртында, инженер кадрларды даярлау мақсатында жергілікті мамандарға арналған тұрақты білім бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама аясында АҚШ пен Еуропадағы «John Deere» зауыттарында тағылымдама ұйымдастырылып, машина жасау, автоматтандыру және цифрлық жобалау бойынша заманауи технологияларды меңгеру қарастырылған. Сонымен қатар алдағы уақытта Қостанайда цифрлық инженер, автономды техника операторы, жасанды интеллект және деректерді өңдеу маманы, цифрлық агроном тәрізді жаңа инженерлік құзыреттерді дамытуға арналған білім орталығы ашылмақ.
Қостанай облысы
Соңғы жаңалықтар
Жүйелі жұмыс: заңсыз алынған жер қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы
Форум • Бүгін, 09:15
Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10
Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды
Форум • Бүгін, 09:05
Қостанайда жасалған қуатты комбайн
Өндіріс • Бүгін, 09:00
Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі
Құқық • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:50
Экономика • Бүгін, 08:45
Руханият • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:35
Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол
Қоғам • Бүгін, 08:25
Гүл өсіріп табысын еселеген студент
Еңбек • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:15
Өнер • Бүгін, 08:10