Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен бұған дейін ұсталған Қостанай білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен бұған дейін ұсталған Қостанай білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, 2026 жылғы 2 маусымда тергеу соты күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында 2026 жылғы 2 маусымда Қостанай қаласының тергеу соты күдікті Г. Оразбаеваға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады Қостанай прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Гүлсім Оразбаеваның ұсталғаны туралы бұған дейін белгілі болған еді. Облыстық прокуратура ҰҚК-нің Қостанай облысы бойынша департаменті өндірісінде қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс жатқанын хабарлаған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, олар басқа тұлғалармен топтаса әрекет етіп, мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен Қостанай әкімдігі білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды.
Тергеу аясында лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді: бөлім басшысы ұсталды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу