Қостанайлық тізгінді мас досына берген екеуі де жүргізуші куәлігінен айырылды

16.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қостанайда полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған екі жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Tengri Auto.

Тексеріс барысында көлік иесі өзі мас бола тұра, тізгінді ішімдік ішкен досына бергені белгілі болды. Екі жүргізушіге де көлікті мас күйде басқарғаны, сондай-ақ көлік тізгінін мас адамға бергені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен екі құқықбұзушы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Бұған дейін Түркістан облысында Toyota жүргізушісі автокөліктің мемлекеттік нөмірін әдейі матамен жауып қойғаны үшін жазаланған болатын.

Тағы оқыңыз: “Мемлекеттік нөмірсіз, бірақ “мигалкасы“ бар“: Ақтөбеде жүргізуші тротуармен жүрген

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью