Қосымша білім қабілетті шыңдайтын орта

03.11.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өңірде балалардың қызығушылығы мен қабі­летіне қарай шығармашылық, музыка, бейнелеу өнері, спорт және танымдық бағыттар бойынша түрлі үйірме мен секциялар ұйымдастырылған. Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, қабілеттерін шыңдап, жаңа дағдыларды мең­геруіне мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру жұмыстары «Адал аза­мат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құнды­лық­тарымен, «Таза Қазақстан» бастамасымен және «Заң мен тәртіп» қағидатымен ұштастырыла жүргізілуде.

Атап айтқанда, спорттық жарыстар, шығарма­шылық байқаулар мен танымдық іс-шаралар арқылы оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік және өзара құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыруға басымдық берілген. Сонымен қатар балаларды қоршаған ортаны қорғауға, тазалық сақтауға және қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі.

Облыстық білім басқармасының мәліметін­ше, алдағы уақытта да балаларды қосымша білім­мен қамту аясын кеңейтуге, үйірмелер мен секция­лардың қолжетімділігін арттыруға және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға көңіл бөлінеді.

Ата-аналар балаларының қызығушылығына сәйкес үйірмелер мен секцияларға жазылу тәртібі және қатысу шарттары туралы толық ақпаратты тұрғылықты жеріндегі қосымша білім беру ұйымдарынан немесе мектептерден ала алады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью