Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандардың біліктілігін арттыру ісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам жасады. Енді қосымша медициналық білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіліп, оларды іріктеу мен бақылаудың ашық әрі жүйелі тетігі енгізіледі. Бұл шешім саладағы кадр даярлау сапасын арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін жақсартуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Тізбе екі бағыт бойынша жасақталады
Министрлік медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырудың жаңа қағидаларын бекітті. Енді уәкілетті орган тізбені екі бөлек бағыт бойынша жасақтайды:
− дәрігерлерді оқытатын заңды тұлғалар;
− орта медициналық персоналды даярлайтын ұйымдар.
Бұл тәсіл әр санаттағы мамандарды даярлау ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді.
Тізбеге енгізудің міндетті шарты – ұйым қызметінің түрлерінде қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыру көзделгенін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың болуы.
Инфрақұрылым мен ресурстарға қойылатын талап артты
Жаңа қағидалар білім беру орталықтарының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасына қатысты өлшемшарттарды едәуір қатаңдатады. Бұған дейін міндетті аккредиттеу, бекітілген оқу бағдарламалары және халықаралық ақпараттық дерекқорларға қол жеткізу талап етілсе, енді оған қосымша бірқатар шарт енгізілді.
Атап айтқанда, ұйымдарда:
білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) ғылыми ұйым мәртебесінің болуы; өзінің клиникалық базасының немесе практикалық даярлау үшін аккредиттелген медициналық ұйымдармен шарттарының болуы; заманауи симуляциялық жабдықтар, зертханалық база және компьютерлік технологиялармен толық қамтылуы; мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылуы қарастырылған.Бұл талаптар болашақта формалды оқытуға жол бермей, нақты тәжірибеге негізделген сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.
Жүйелі мониторинг және көшпелі тексеру
Министрлік тізбені тұрақты түрде жаңартып отырады. Ол үшін ұйымдардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда көшпелі тексерулер ұйымдастырылады.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, материалдық-техникалық база мен клиникалық ресурстардың нақты жағдайға сәйкестігі қатаң тексеріледі. Бұл талапқа сай келмейтін ұйымдардың тізбеде қалуына жол берілмейді.
Ашық іріктеу – сапалы кадр кепіліЖаңа нормалар білім беру орталықтарын іріктеудің ашық әрі әділ жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде медицина қызметкерлері ғылыми әлеуеті жеткілікті, заманауи жабдықталған және толыққанды клиникалық базасы бар ұйымдарда ғана біліктілігін арттыра алады.
Қабылданған өзгерістер денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Сапалы білім – сапалы қызметтің негізі. Ал бұл қадам медицина саласындағы жауапкершілікті одан әрі арттыра түседі.
Медицина факультетінің студенттері жаңа Конституция жобасын талқылады
Соңғы жаңалықтар
Әскердегі әлімжеттік: Отарда соққыға жығылған сарбаздың қазіргі жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 14:16
Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 13:53
Статистика: Елімізде 170 мыңнан астам адам жұмысын ауыстырғысы келеді
Қоғам • Бүгін, 13:30
Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 13:08
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
Қоғам • Бүгін, 12:52
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Ата заң • Бүгін, 12:40
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Ғылым • Бүгін, 12:32
Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді
Экономика • Бүгін, 12:27
Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 12:08
«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 11:55
Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
Қоғам • Бүгін, 11:34
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:25