Қосымша уақыттағы автогол Аргентинаны 1/8 финалға шығарды

04.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Аргентина құрамасы Кабо-Верде командасын 3:2 есебімен жеңді.

АҚШ-тың Майами қаласында өткен кездесуде Аргентина сапынан Лионель Месси мен Лисандро Мартинес гол соқты. Ал Кабо-Верде құрамасында Дерой Дуарте мен Сидни Кабрал мергендік танытты. Қосымша уақыттың 111-минутында қорғаушы Диней Боргеш өз қақпасына гол соғып, Аргентинаға жеңіс сыйлады.

Месси әлем чемпионаттарындағы мансабындағы 20-шы голын соғып, өз рекордын тағы да жаңартты. Сонымен қатар ол турнирдегі жеті гол кіргізіп, сұрмергендер көшін бастап тұр. Бұл көрсеткіш бойынша Месси Франция құрамасының шабуылшысы Мбаппеден 6 голға озып кетті.

Енді Аргентина 1/8 финалда Мысыр құрамасымен кездеседі.

Мысыр құрамасы Аустралияны пенальти сериясында жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью