ҚПЛ: Ақтөбе командасы Елімайдан ірі есеппен жеңілді

21.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Екі команда биыл жүлдеге қол жеткізуі мүмкін клубтар қатарына енді. Сондықтан жанкүйерлер тарапынан бұл кездесуге ерекше қызығушылық болғаны рас. 

Ойын барысында ақтөбелік клубтан Артур Шушеначев 17-минутта есеп ашқан еді. Оған семейлік клуб үш шолмен жауап берді. Алдымен Фессу Плакка 59-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындаса, одан кейін Роман Мұртазаев 77, 92, Айбар Жақсылықов 85-минутта мергендігімен көзге түсті. Осылайша ақтөбелік клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Бұл жеңістен кейін «Елімай» 5 ұпаймен бесінші орынға көтерілсе, «Ақтөбе» 2 ұпаймен 10-орынға төмендеді.

Енді төртінші турда өз алаңында «Елімай» 4 сәуірде қостанайлық «Тобылмен» ойнаса, «Ақтөбе» 5 сәуірде сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытауымен» шеберлік байқасады.

Үшінші турда көкшетаулық «Оқжетпес» Жезқазғанның «Ұлытауын» 2:1, елордалық «Астана» Қостанайдың «Тобылын» 2:0 есебімен қапы қалдырса, шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді, ал «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайрат» (Алматы), «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 0:0, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ертіс» (Павлодар) 2:2 есебімен тең ойнады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью