ҚПЛ: Ақтөбе сырт алаңда Ұлытаумен тең ойнады

05.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл «Ақтөбе» біріншілікті сәтсіз бастады. Алғашқы үш турда небәрі үш ұпай жинаған еді. Есесіне жезқазғандық команда өз алаңында кез-келген қарсыласына лайықты деңгейде төтеп беріп жүр. Қазірге дейін біреуінде жеңіп, тағы бір кездесуде тең түссе, енді бірінде есе жіберді.
Бұл жолы да ақтөбелік клубпен терезесі тең деңгейде ойын көрсетті. Тек қорғанысқа көңіл бөлмей, қарсы шабуылға шықты. Осындай сәттің бірінде жезқазғандық клубтан Бека Вачиберадзе 71-минутта мергендік танытса, 81-минутта ақтөбелік клубтан Даниэль Соса бір голмен жауап қайырды.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді «Ұлытау» 12 сәуірде сырт алаңда «Алтаймен» кездессе, сол күні «Ақтөбе» Түркістанда «Каспиймен» жасыл алаңға шығады. 

Дәл қазір «Каспий» (Ақтау) - «Жетісу» (Талдықорған) кездесуінің бірінші кезеңінен кейін 0:0 есебі тіркелді. 

Ал 18:00-де «Қайрат» (Алматы) - «Астана» ойыны басталса, 19:00-де «Жеңіс» (Астана) - «Оқжетпес» (Көкшетау) жасыл алаңға шығады.

Айта кетсек, бұл турда 4 сәуірде Павлодардың «Ертісі» өскемендік «Алтайдан» 1:0, Семейдің «Елімайы» қостанайлық «Тобылдан» 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) 0:0, «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдірген еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью