Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бұл турдағы ойындарды елордада өткен «Астана» - «Атырау» кездесуі түйіндеді.
Кездесу барысында алаң иелері белсенді ойын көрсетті. Олар жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде 19-минутта Әлібек Қасым есеп ашса, 24-минутта Рамазан Кәрімов мергендік танытты.
Ойынның 88-минутында Әлібек Қасым өз қақпасына гол соғып алды.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 12 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.
Айта кетсек, бүгін өз алаңында «Қайрат» (Алматы) - «Елімай» (Семей) 2:2 есебіне қанағат білдірсе, қостанайлық «Тобыл» Ақтаудың «Каспийінен» 2:1, Талдықорғанның «Жетісуы» Жезқазғанның «Ұлытауынан» 2:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ 25 сәуірде шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1, «Ақтөбе» өз алаңында Павлодардың «Ертісін» 1:0 есебімен жеңді.
Ал «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қайсар» (Қызылорда) 1:1, «Алтай» (Өскемен) - «Жеңіс» (Астана) 0:0 есебіне қанағат білдірді.