ҚПЛ: Астана Ордабасы кездесуінде жеңімпаз анықталған жоқ

11.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Биыл елордалық клуб сапынан көптеген тәжірибелі футболшылар қош айтысты. Сондықтан олар біріншілің барысында жоғары нәтижеге қол жеткізе алмай келеді. 

Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Соған қарамастан бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Ойынның 77-минутында «Ордабасы» сапынан Жасұлан Әмір көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Оған 94-минутта елордалық клубтан Ян Вороговский голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Бұл ойыннан кейін «Ордабасы» 9 ұпаймен үшінші, «Астана» 8 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. 

Айта кетсек, бүгін «Атырау» қызылордалық «Қайсардан» 2:0, Семейдің «Елімайы» талдықорғандық «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңсе, «Тобыл» (Қостанай) — «Қайрат» (Алматы) кездесуі 1:1 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ 12 сәуірде «Оқжетпес» (Көкшетау) — «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) — «Ұлытау» (Жезқазған), «Қызылжар» (Петропавл) — «Жеңіс» (Астана), «Ақтөбе» — «Каспий» (Ақтау) ойнайды.

Төртінші турдан кейін «Қайрат» 10 ұпаймен көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Елімай», «Ордабасы», «Оқжетпес» командаларының сегіз ұпайы бар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью