Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстан Премьер-Лигасында бұрын-соңды болмаған тәртіптік дау шықты. КФФ-ның бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті 13-турдағы «Елімай» (Семей) мен «Ордабасы» (Шымкент) арасындағы ойыннан кейін бірқатар қатаң шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Halyqstan.
Бапкер мен ойыншыға жаза Андрей Карпович («Елімай» бас бапкері) – төрешілерге агрессивті қарсылық көрсеткені және кейінгі сұхбаттарындағы сөздері үшін 4 матчқа дисквалификацияланды. Жан Али Пайруз («Елімай» жартылай қорғаушысы) – төрешіге қысым жасау әрекеті үшін 4 ойыннан шеттетілді. Басшылық пен төрешіге санкция Федор Симиниди («Елімай» басқарушы директоры) – 2026 жылдың 1 қазанына дейін стадиондарға кіруге тыйым салынды, сондай-ақ 100 АЕК (369 200 теңге) айыппұл салынды. Ол матчтан кейін төрешілер бөлмесіне баса-көктеп кіріп, балағат сөздер айтқан. Арман Исмуратов (бас төреші) – ойыннан кейінгі орынсыз әрекеттері үшін 2026 жылдың 1 қазанына дейін төрешіліктен шеттетілді. Клуб пен жанкүйерлерге айыппұл «Елімай» клубы жалпы 1,5 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді: 300 АЕК (1 107 600 теңге) – жанкүйерлердің тәртіпсіздігі үшін (арбитрлерді балағаттау, заттар лақтыру). 100 АЕК (369 200 теңге) – ойыншылар мен бапкерлер штабының жалпы тәртіп бұзушылығы үшін.Бұл оқиға Қазақстан футбол тарихындағы ең даулы әрі «қымбат» жанжалдардың бірі ретінде есте қалды.
Кеше, 18:38