​ҚПЛ ның алғашқы үш турында ойнайтын Атыраудың қарсыластары анықталды

09.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) жаңа маусымының алғашқы үш турында «Атырау» футбол клубының қарсыластары белгілі болды.

Спорт журналисі Эльдар Аманбаев хабарлағандай, команда келесі матчтарды өткізеді:

1 тур: «Атырау» – «Ұлытау»2 тур: «Ертіс» – «Атырау»3 тур: «Атырау» – «Жеңіс»

Естеріңізге сала кетейік, өткен ҚПЛ маусымының қорытындысы бойынша «Атырау» 19 ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орыннан бір саты жоғары шығып, 13-орынды иеленді.

Қазақстанда футболдан жаңа маусым ресми түрде 28 ақпанда басталады. Дереккөздер хабарлағандай, бұл күні Астанада Қазақстан чемпионы Алматылық «Қайрат» пен ел Кубогының иегері Қостанайлық «Тобыл» кездесетін ел Суперкубогы үшін матч өтеді.

Қазақстан чемпионатының бірінші тур матчтары 6-8 наурызға жоспарланған.

Бүгін, 17:25

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью