Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл турдағы соңғы ойын «Каспий» (Ақтау) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары арасында өтті.
Кездесу барысында көкшетаулық команда жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Василий Совпель 25-минутта есеп ашса, Оралхан Өміртаев 80, 82-минутта мергендігімен көзге түсті. Оған ақтаулық клуб сапынан Ноа Ндомбази 71-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Каспий» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Бұл турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Қызылжар» (Петропавл) 1:0
«Ертіс» (Павлодар) - «Атырау» 1:1
«Елімай» (Семей) - «Алтай» (Өскемен) 1:1
«Тобыл» (Қостанай) - «Жетісу» (Талдықорған) 2:2
«Қайсар» (Қызылорда) - «Астана» 0:0
«Қайрат» (Алматы) - «Ақтөбе» 1:0
«Жеңіс» (Астана) - «Ордабасы» (Шымкент) 0:2.
Екінші турдан кейін 6 ұпай жинаған «Қайрат» бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Астана», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Ұлытау» командаларының төрт ұпайы бар.
Енді алдағы тур ойындары 20, 21, 22 наурыз күндері өткізіледі. Алдымен 20 наурызда «Қызылжар» мен «Ертіс», «Атырау» мен «Жеңіс», «Ордабасы» мен «Қайсар», «Астана» мен «Тобыл» ойнаса, 21 наурызда «Оқжетпес» пен «Ұлытау», «Жетісу» мен «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Елімай» шеберлік байқасады. Бұл турды 22 наурызда «Алтай» мен «Каспий» түйіндейді.