ҚПЛ: Қайрат командасы Жетісумен ұпай бөлісті

21.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Кездесу барысында қос команда есеп ашып, басымдығын арттырып, ұпай алуды көздеді. Әсіресе алматылық команданың гол соғатын мүмкіндігі көп болды. Дегенмен екі клубтың футболшылары да діттеген мақсатына жете алған жоқ. Талдықорғандық аяқдопшылардың қарымта шабуылы өз нәтижесін бере қоймады. Осылайша командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді төртінші турда сырт алаңда «Қайрат» 4 сәуірде алматылық «Қайратпен» ойнаса, «Жетісу» ақтаулық «Касппиймен» шеберлік байқасады.

Үшінші турда көкшетаулық «Оқжетпес» Жезқазғанның «Ұлытауын» 2:1, елордалық «Астана» Қостанайдың «Тобылын» 2:0 есебімен жеңсе, шымкенттік «Ордабасы» да қызылордалық «Қайсарды» дәл осы есеппен қапы қалдырды. Ал «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 0:0, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ертіс» (Павлодар) 2:2 есебімен тең ойнады.

Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей) кездесуі өтіп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью