ҚПЛ: Тобыл биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті

26.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кездесу барысында қостанайлық команда шабуылға көбірек көңіл бөлді. Жылдам гол соғуға ұмтылған олар өз дегеніне жетті. Ойынның 6-минутында Жаслан Жұмашев есеп ашса, 16-минутта ол тағы бәр мәрте мергендігімен көзге түсті. Ал 39-минутта «Каспий» сапынан Идрис Умаев есеп айырмасын қысқартты. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті.

Сондай-ақ бүгінге белгіленген «Жетісу» (Талдықорған) - «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуінің нәтижесі белгілі болды. Бұл ойында алаң иелері жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Нұрбол Әнуарбеков 45, Әділхан Добай 49-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Кездесу 2:0 есебімен «Жетісудың» басымдығымен аяқталды.

Енді бұл турда бүгін, 26 сәуірде 18:00-де «Қайрат» (Алматы) - «Елімай» (Семей) жасыл алаңға шықса, 20:00-де «Астана» мен «Атырау» ойнайды.

Сондай-ақ 25 сәуірде шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1, «Ақтөбе» өз алаңында павлодарлық «Ертіс» командасын 1:0 есебімен жеңді

Ал «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қайсар» (Қызылорда) 1:1, «Алтай» (Өскемен) - «Жеңіс» (Астана) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью