Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
- Инфляция экономикамыздың негізгі сын-қатеріне айналды. Өткен жылдың қыркүйек айындағы бағалардың 12,9 проценттік максимумнан өтіп, инфляцияны жыл соңына 12,3 процентке дейін баяулаттық, - деген Тимур Сүлейменов әлемдегі бағалардың өсуі мен геосаяси белгісіздік елдегі инфляцияны ушықтырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол экономиканы бюджет пен квазимемлекеттік сектор арқылы ынталандыру, тұтыну несиесінің өсуі бағаның өсуіне әсер еткен негізгі ішкі факторлар болғанын айтты.
- Инфляцияға коммуналдық тарифтер мен жанар-жағармай бағасының өсуі әсер етті. Қосымша құн салығының көтерілуінен инфляциялық күтулер де өсті, - деді Ұлттық банк басшысы.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.