ҚР Энергетика министрлігі Өзбекстандағы блэкаутқа қатысы бар деген фейкті жоққа шығарды

14.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өзбекстанда электр энергиясы ауқымды өшкеннен кейін БАҚ пен пабликтер бұл іркілісті Қазақстанның энергия жүйесіндегі апатпен байланыстыра бастады. Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Бұған дейін бірқатар өзбек басылымы республика қалаларындағы жарықтың өшуіне "көрші елдің энергия жүйесіндегі" апат Өзбекстан энергия жүйесінің тұрақтылығына әсер еткенін хабарлаған.

Қазақстанның Энергетика министрлігі қазақстандық тараптың "кінәсі" туралы хабарламалардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан болды деген ақпарат тарап жатыр. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деп атап өтті ведомство.

Жарықтың жаппай өшуі Орталық Азияның төрт еліне әсер етті

Электрмен жабдықтаудағы жаппай іркіліс төрт елге әсер етті. Алматы мен облысында жарық сөнгеннен кейін Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тұрғындары да іркілістер туралы хабарлай бастады.

Осылайша, электр энергиясына қатысты мәселелер бір мезгілде Орталық Азияның төрт елінде байқалды.

Қазақстанда жарыққа қатысты не болды?

14 тамызда сағат 15:00 шамасында Алматы мен облысында электр энергиясы өше бастады. Қаланың бірнеше аудан тұрғындары жарықтың сөнгені туралы хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, бұған KEGOC-қа тиесілі кернеуі 500 кВ электр жеткізу желілеріндегі апат себеп болған. Осының салдарынан жалпы қуаты 300 МВт болатын жүктеме ажыратылды.

Алматы облысында Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды.

Алматыда жарықтың өшуі Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарында тіркелді.

Жарықтың сөнуі қала инфрақұрылымының жұмысына да әсер етті: кейбір көшелерде бағдаршамдар істен шығып, байланыс нашарлап, кептеліс пайда болды. Қиылыстарға реттеушілер шықты. Ал Алматы метросы тоқтап қалды — жолаушыларды эвакуациялау видеосы жарияланды.
Сондай-ақ жарық Жетісу облысы мен Түркістан облысында өшіп қалды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью