Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында кадрлық тағайындаулар өтті.
Ведомствоның хабарлауынша, тиісті шешімдер Президент Әкімшілігімен келісіле отырып қабылданып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен рәсімделді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып полковник Нариман Ақбаров тағайындалды.
Ол Ұлттық ұлан органдарында 1994 жылдан бері қызмет етіп келеді. Жаңа қызметке дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары — штаб бастығы лауазымын атқарған.
Нариман Акбаров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, сондай-ақ бірқатар ведомстволық наградалармен марапатталған.
«Батыс» өңірінің жауапкершілік аймағына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары кіреді.
Бүгін, 17:35