QR төлемдерді ҚҚС тан босату ұсынылды комиссиялармен не болады

15.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда бірыңғай QR-код арқылы жасалатын операцияларды қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату ұсынылып отыр. Бұл кәсіпкерлер үшін банк комиссияларының төмендеуіне әкеле ме? Бұл туралы Үкіметте айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк Төлем жүйелері және цифрлық қаржылық технологиялар департаментінің директоры Ерлан Ашықбековтің айтуынша, тиісті ұсыныс жақында жобалық кеңсе отырысында талқыланып, тұжырымдамалық тұрғыдан қолдау тапқан.

"Салық кодексінің қолданыстағы редакциясында кейбір қолма-қол ақшасыз төлемдер, мысалы, карточкалық есеп айырысулар ҚҚС-тан босатылған. Біз ұлттық төлем жүйесін, соның ішінде бірыңғай QR-ды дамытып жатқандықтан, осы шарттарды теңестіру ұсынылды", - деп түсіндірді ол.

Қазіргі уақытта Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп егжей-тегжейлі тұстарын пысықтап жатыр. Осыдан кейін түзетулерді заң шығарушыларға тапсыру жоспарланған.

"Егер жұмыс уақтылы жүргізілсе, тиісті түзетулерді осы сессияда енгіземіз деп үміттенеміз. Түпкілікті шешім белгіленген заңнамалық рәсімге сәйкес қабылданады", - деді Ашықбеков.

Бұл ретте ҚҚС-ты алып тастау барлық банкте комиссияның бірдей төмендеуіне кепілдік бермейді. Әр банк тарифтерді өз бетінше белгілейді, ал комиссия бірнеше бөліктен құралады: банкаралық интерчейндж (комиссия - ред. еск.), төлем жүйесінің ақысы және банктің өз комиссиясы.

"Нәтиже біркелкі болмайды және әр банктің нарықтық стратегиясына байланысты болады. 2022–2023 жылдары кәсіпкерлер үшін комиссиялар орта есеппен 2–2,5 пайызды құрады. Қазір банкке байланысты олар 1–1,5 пайыз деңгейінде", - деп толықтырды Ұлттық банк өкілі.

Оның айтуынша, бірыңғай QR және басқа да төлем шешімдері банктер арасындағы бәсекелестікті күшейтуі тиіс, бұл алдағы уақытта бизнес шығындарын одан әрі азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы бірыңғай QR-код

Бірыңғай QR Қазақстанда 2026 жылдың шілдесінде іске қосылды. Жүйе кәсіпкерге бір QR-код арқылы әртүрлі банк клиенттерінен төлем қабылдауға мүмкіндік береді. Бұрын бизнеске бұл үшін бірнеше терминал қажет болатын. Бірыңғай QR қалай жұмыс істейтіні туралы мына сілтеме арқылы оқыңыз.

Жүйе іске қосылғаннан кейін кәсіпкерлер комиссия көлеміне шағымданды. Ол кезде Ұлттық банк бірыңғай QR арқылы төлем қабылдау кезіндегі бизнес шығындары банк картасымен жасалатын ұқсас операция құнынан аспауы тиіс екенін мәлімдеген болатын. Ұлттық банк комиссияларға қатысты сынға жауап берді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью