Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 9 маусымда ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды",- делінген ақпаратта.
Бекболат Молдабеков 1991 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін бітірген.
Еңбек жолын "Элит Құрылыс Строй" ЖШС-да инженер-бағдарламашы болып бастаған. 2014–2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті басқармасының бас сарапшысы. 2016–2018 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, орынбасары. 2018–2019 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің цифрландыру департаменті директорының орынбасары. 2019–2022 жылдары – Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, директоры, Цифрлық трансформация департаментінің директоры, Цифрлық шешімдер департаментінің директоры, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.
2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР әділет вице-министрі қызметін атқарды.
Бұған дейін Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалғанын жазғанбыз.