Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Мәліметке сәйкес, ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2025 жылғы қазанда 83 құқықбұзушылықты тіркеген.
Олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша сараланған:
189-бап (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) – 12 дерек;190-бап (алаяқтық) – 16;195-бап (алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру) – 1;206-бап (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) – 1;361-бап (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) – 2;362-бап (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) – 3;364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;366-бап (пара алу) – 26;367-бап (пара беру) – 11;368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;380-бап (билік өкіліне қатысты күш қолдану) – 1;394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;414-бап (заңсыз ұстау немесе қамауға алу) – 1;433-бап (қылмысты жасыру) – 2 дерек.Сонымен қатар 54 қылмыстық іс сотқа жолданған. Олардың ішінде:
147-бап (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректерді қорғау заңнамасын бұзу) – 1 іс;189-бап – 1;190-бап – 17;366-бап – 19;367-бап – 11;368-бап – 5 іс."Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деп атап өтті ҰҚК баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан шекарашылары 2025 жылдың қазан айында 4,8 мыңға жуық құқықбұзушылық дерегін анықтаған болатын.