ҚСЗИ сарапшысы: Қазақстан азаматтарының төрттен үш бөлігі сайлауға баруға дайын

30.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сарапшының айтуынша, зерттеу нәтижелері азаматтардың жартысы өз үмітін қоғамдағы берік әрі тұрақты қоғамдық тәртіптің сақталуымен байланыстыратынын көрсетті. Респонденттердің тағы 38%-ы азаматтардың мәселелерін іс жүзінде шешуді күтсе, 26%-ы партия өкілдерінің халықпен кездесулер мен жеке қабылдаулар арқылы тікелей байланыс орнатуын саяси қызметтің ең маңызды элементі деп санайды.

«Бүгінде электоралдық таңдаудың негізінде идеологиялық айырмашылықтар емес, сенім, партиялардың танымалдығы және болашақ туралы түсінік жатыр», деп атап өтті Айгүл Забирова.

Сарапшының айтуынша, зерттеу қорытындылары сайлаушылар арасында қоғамдық оптимизм деңгейінің жоғары екенін және елдің болашағын қолданыстағы саяси жүйенің одан әрі дамуымен байланыстыратынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен төрттен үші бір жылдан кейін өздерінің өмірі жақсарады деп күтеді. Оның пікірінше, сенімді сақтап қалу және мемлекеттің қоғамдық сұраныстарға жауап бере алу қабілеті Қазақстанның электоралдық моделінің табысты дамуының негізгі факторларының бірі болады.

Сайлауға қатысу – құқық қана емес, ел алдындағы жауапкершілік

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған сарапшылар алаңы цифрлық дәуірдегі саяси коммуникацияның трансформациясына, сайлауалды үгіт-насихатта жасанды интеллектіні қолдануға, жалған ақпаратпен күреске, сондай-ақ электоралдық мінез-құлықтың қазіргі үрдістері мен саяси партияларға қатысты қоғамдық күтулерге арналды.

Құрылтай сайлауына қатысудың маңыздылығы және азаматтардың белсенділігі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью