Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) басқарушы персоналға төленген сыйлықақылар туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Жарияланған есепке сәйкес ол 1 миллиард теңгеден асқан. Сондай-ақ журналистер ұлттық компанияның қарызы мен теміржол билеттерінің құны туралы мәселелерді көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) басқарушы персоналға төленген сыйлықақылар туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Жарияланған есепке сәйкес ол 1 миллиард теңгеден асқан. Сондай-ақ журналистер ұлттық компанияның қарызы мен теміржол билеттерінің құны туралы мәселелерді көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергеновтің айтуынша, сыйақы мөлшері компанияның қаржылық нәтижелеріне байланысты.
"Самұрық-Қазына" қорының корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, компания мен атқарушы органның қызметін директорлар кеңесі бағалайды. Сыйлықақылар таза пайда болған жағдайда төленеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ таза пайданы 2,1 есеге - 340 миллиард теңгеге дейін арттырды", - деп түсіндірді ол.
Ол көрсетілген сомаға тек басқарма мүшелеріне берілетін төлемдер ғана емес, сонымен қатар директорлар кеңесінің сыйақылары, еңбек демалысы ақысы және басқа да есептеулер кіретінін нақтылады.
Сондай-ақ, Алдыбергеновтің айтуынша, төлемдер туралы шешім көп деңгейлі тексеруден өтеді.
"Шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. Бұл ретте ол үш мәрте тексеріледі: ішкі аудит қызметі, комплаенс-қызметі және қор тарапынан", - деп толықтырды ол.
Сонымен қатар ҚТЖ басшысы жалпы сома 19 топ-менеджер арасында бөлінетінін айтты.
Журналистер ҚТЖ қарызы мен билет құнының өсуі туралы да сұрады. Алдыбергенов тарифтердің көтерілуі инфляциямен байланысты екенін түсіндірді.
"Билет құны тек инфляция деңгейінде ғана көтерілді", - деді ол.
Еске сала кетейік: бұған дейін ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергеновтен компания қарызының көлемі туралы сұралған болатын. Сол кезде ол соманы бірден айта алмай, сауалды орынбасарына бағыттаған еді. Брифингтегі видео әлеуметтік желілерде кең таралды.
Кейінірек ресми сауалға берген жауабында ҚТЖ 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның жалпы қарызы 3,7 триллион теңге болғанын хабарлады. Компания өкілдері міндеттемелер көлемі үнемі өзгеріп отыратынын, себебі ҚТЖ ай сайын ескі қарыздарын өтеп, жаңаларын тартып жатқанын түсіндірді.