Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
- Астық тиеу көлемінің ұлғаюына байланысты Өзбекстан Республикасының аумағындағы өткізу пункттерінде жүк ағынының маусымдық қиындықтары байқалды. Бұл Ташкент теміржол торабының кірме жолдарының шамадан тыс жүктелуіне әкелді, - деп жазады Премьер-министр.
Осыған байланысты Өзбекстан Республикасының Үкіметімен және тиісті ведомстволармен бірге кешенді шаралар қабылдап, нәтижесінде Сарыағаш стансасындағы вагондар саны 11,5-тен 7,5 мыңға дейін төмендеген.
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Б.П. Орынбасаров тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Еске салсақ, 2025 жылдың аяғында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы вагондардың кешігуі жиілеген болатын.