ҚТЖ жаңа Stadler вагондарының іске қосылуына не кедергі екенін түсіндірді

16.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Stadler вагондарын Қазақстанға қысқа мерзімде жеткізу қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясына осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Stadler вагондарын Қазақстанға қысқа мерзімде жеткізу қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясына осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

"Бұдан әрі кешіктіруге болмайды"

Үкімет отырысында Бектенов жолаушылардың қазақстандық пойыздардың жай-күйіне қатысты шағымдарын әлі де айтылып жүргенін мәлімдеді. Ол бұрыннан уәде етілген Stadler вагондарын тез арада жеткізуді тапсырды.

"Жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде.Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Өнеркәсіп министрлігі "Қазақстан темір жолы" және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет", - деді Олжас Бектенов.

Осы жылдың аяғына дейін рельске 215 жаңа локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк және жолаушылар вагоны шығуы тиіс.

"Сондай-ақ биылғы 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк және 500 жолаушылра вагонын сатып алудың бес жылдық бағдарламасын бекіту керек", - деп толықтырды премьер.

ҚТЖ не деп жауап берді?

Үкіметтегі брифингте журналистер ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергеновтен Stadler вагондарын жеткізуде қандай мәселе барын нақтылады.

"Өздеріңіз білетіндей, бұл вагондарды дайындау жобасы екі жылға жуық уақытқа созылды. Біз Stadler компаниясымен келісімшарт талаптарына "байлаулымыз", компания жақында пресс-релиз шығарып, желтоқсанда тежегіш жүйесінде ақаулар болғаны туралы біздің уәжімізді растады. Осыған байланысты, ұлттық тасымалдаушы ретінде жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше, вагондарды пайдалануға жібере алмаймыз. Stadler желтоқсанда мәселелер болғанын растады", - деді Талғат Алдыбергенов.

ҚТЖ басшысының айтуынша, биыл көктемде Stadler вагондарына жаңа сынақтар жүргізілген. Енді компания барлық анықталған ақаулардың жойылғанын растап, тиісті құжаттарға қол қоюы тиіс.

"Бүгінде белгілі бір жылдамдықтағы вагондардың қозғалыс кезіндегі сынақ актілері Stadler компаниясында қол қою сатысында тұр. Теміржол әкімшілігі ретінде біз вагондарды қабылдап, азаматтарымызды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайынбыз. Барлық ескертулеріміз жойылған бойда вагондар іске қосылады", - деп сендірді ұлттық компания жетекшісі.

Мән-жайы

Stadler вагондарын іске қосу мәселесі өткен жылдан бері созылып келеді. Бастапқыда алғашқы вагондарды жеткізу 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған болатын. Кейін іске қосу мерзімі бірнеше рет 2026 жылдың көктеміне: сәуірге, содан соң мамырға ауыстырылды. БАҚ хабарлағандай, бұл кейінге шегерулер вагондарды сынау кезінде анықталған ақауларға байланысты болған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью