Қуат Хамитовке қатысты күтпеген мәлімдеме жасалды

20.02.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Naiza лигасының жартылай орта салмақтағы чемпионы Рамазан Гасанов қазақстандық файтер Қуат Хамитовті жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

14 ақпанда ресейлік спортшы Рамазан Гасанов (15-0) бразилиялық Витор Фернандес Лимамен (14-11) айқасып, қарсыласын «слэм» әдісі арқылы мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жектен кейін ол октагонда Қуат Хамитовке ашық түрде жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс жасады.

Журналистердің:

"Сіз Қуат Хамитовті жекпе-жекке шақырдыңыз. Сол ұсынысыңызды растайсыз ба?" деген сауалына Гасанов:

"Айтқан сөзімнен қайтпаймын. Бұл — таза спорттық қызығушылық. Көрермендер де осындай тартысты, қызықты кездесуді күтеді. Сондықтан мен оған тек спорттық тұрғыдан шақыру- тастадым,"деп жауап берді.

Айта кетейік, Қуат Хамитов (28-8-2) жуырда ғана Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Алан Силваны (19-12-1) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.

Егер бұл жекпе-жек ресми түрде бекітілсе, жанкүйерлерді аса тартысты әрі принципті айқас күтіп тұр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью