Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті – мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты бекітіліген. Бұл біз үшін қарапайым әрі түсінікті қағидалар: еңбек қауіпсіздігі – формалды іс емес, мызғымас міндет; жұмысшы құқығын қорғау– өтініш емес, заң, - дейді ERG Көмір дивизионының кеншілері.
«Шұбаркөл көмір» АҚ мен «Восточный» разрезі – еліміздегі энергетикалық көмір өндіретін ең ірі кәсіпорындар қатарында. Олар Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан өнеркәсіп нысандары.
– Бүгін ел жаңа Конституцияны қабылдау секілді маңызды шешімнің алдында тұр. Еңбек ұжымы үшін бұл жай ғана құжат емес: бұл – өмір мен дамудың негізі, құқық пен бостандықтың кепілі. Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты көрсетілген. Бұл еңбек қауіпсіздігі – формалдылық емес, міндет; қызметкер құқықтарын қорғау – жүгіну емес, заң дегенді білдіреді, – деп атап өтті ERG Көмір дивизионының операциялық директоры Сергей Ким.
Кеншілер кәсіпорын табысы тәжірибе мен жастық жігердің, берік дәстүр мен өндірістегі заманауи тәсілдердің үйлесіміне негізделгенін атап өтті. Еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттары, қызметкерлердің біліктілігі және технологияларды тұрақты дамыту – жұмыстың негізгі бағыттары болып қала бермек.
Еліміздің болашағы өзіміз қабылдаған шешімдерге байланысты. Референдумға қатысу – осы тағдыршешті істен шет қалмай, өз болашағыңды таңдауға атсалысу деген сөз.
«Шұбаркөл көмір» АҚ және «Восточный» разрезінің кеншілері референдумға белсенді қатысып, баршаңызды дұрыс таңдау жасауға шақырады!
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026