Құбыр жарылса, бірге жүреді : ауыз суға жарымай отырған тұрғындар әкімді мақтады

02.07.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы Бекболат ауылының тұрғындары ауыз су сапасына шағымданды. Ауыл тұрғындарының базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Бекболат ауылы

Алматы облысындағы Бекболат ауылы

© Sputnik / Айдана Дайырова

Тау бөктерінде орналасқан ауылдың жағдайы жалпы тұрақты болғанымен, бірнеше жылдан бері ауыз су басты мәселеге айналған.

"Құбырлар әбден тозған, жиі жарылып жатады. Құбыр жарылғанда әкімдік судың өшірілетінін ескертіп айтады. Жауын жауған кезде лай су ағады", – дейді ауыл тұрғындары.

Дегенмен олар ауыл әкімінің жұмысына оң баға береді.

"Бұрынғы әкімді көрмейтінбіз. Қазір келген әкім өте жақсы. Судың мәселесін шешуге тырысады, құбыр жарылса, сол жерде бірге жүреді. Жолымыз жөнделді, автобус жүріп жатыр. Тек соңғы жылдары су мәселесі ғана қиындық тудырып отыр", – дейді тұрғындар.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Бекболат ауылы

Алматы облысындағы Бекболат ауылы

© Sputnik / Айдана Дайырова

Бекболат ауылы Бірінші Май ауылдық округіне қарасты.

"Тау суы келіп, 3 механикалық тазарту және 4 тұндырғыш арқылы өтеді. Елді мекен таулы аймақта орналасқандықтан және жауын-шашын кезінде тау суының көзі ластанады. Сол себепті магистральдық желіге лай су түседі. Тоқсан сайын суға химиялық және бактериологиялық талдау жасалады", – дейді ауыл әкімдігі.

Әкімдік мәліметінше, ауыз су сапасын уәкілетті органдар тұрақты бақылауда ұстайды.

Сонымен қатар жаз мезгілінде ауылда ауыз су тапшылығы да байқалады.

"Жазда тұрғындар ауыз суды бау-бақша суаруға, бассейндерді толтыруға пайдаланады. Соның салдарынан су құбырларындағы қысым төмендейді. "Таусамалы Қызмет" мекемесі тұрғындарға суды үнемді пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Сондай-ақ магистральдық су жүйесінің құбырлары тозған, сол себепті жөндеу кезінде жоспарлы түрде су өшіріледі", – деп хабарлады әкімдік.

Жалпы қазіргі уақытта ауыл тұрғындары ауыз сумен 90 пайыз қамтамасыз етілген.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Бекболат ауылы

1/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысындағы Бекболат ауылы

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Бекболат ауылы

2/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысындағы Бекболат ауылы

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Бекболат ауылы

3/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысындағы Бекболат ауылы

1/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысындағы Бекболат ауылы

2/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысындағы Бекболат ауылы

3/3

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысындағы Бекболат ауылы

Әкімдік мәліметінше, Бірінші Май ауылдық округінде ауыз сумен қамту жүйесін жаңарту және жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жоспарланған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью